«Жұлдыздықтар» әз-Наурызды айрықша тойлады

Ұлық мерекені «Жұлдыз» шағынауданының тұрғындары да атап өтуде. «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік шара ауыл ақсақалының бата беруімен басталып, ақ жаулықты аналардың хорымен жалғасты. Сондай-ақ жас таланттар өз өнерлерін паш етті.
Ұйымдастырушылар «Бесікке салу», «Тұсаукесер» дәстүрлерінен көрініс қойды. Алаңда балаларға арналған батуттар құрылған. Киіз үй тігіліп, наурыз көже мен бауырсақтар таратылды.

– Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, армандарыңыздың орындалуын тілеймін! Ашық аспан астында еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, балапандарымыздың болашағы жарқын болуына тілекшімін! Осы шараны ұйымдастырып жатқан «Жұлдыз-3» шағынауданы тұрғындарының ауызбірлігіне алғыс айтамын! – дейді Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиев.

Ауыл белсенділері ұйымдастырған концерттік бағдарлама әрі қарай кір тасын көтеру, қазақша күрес, көкпар сынды ұлттық ойындармен жалғасып, кешке ауызашар дастарханымен аяқталады деп жоспарланған.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521