Жылыой ауданында жетпіске жуық өлексе өртеу жолымен жойылды

Құлсары қаласында су тасқыны салдарынан өлген жан-жануарлар мен хайуанаттардың өлкселерінен жою жұмыстары жалғасуда Бұл туралы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекция басшысы Жәнібек Сабыров мәлімдеді.

- Құлсары қаласында су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы, үй жануарлары және құстардың өлкселерін Жылыой аудандық ветеринариалық стансысы қызметкерлерімен бірлесіп, мал қорымдарында және арнайы белгіленген шұңқырларда өртеу жолымен жою жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда төлдерін қоса алғанда 60 қой-ешкі малы, 8 үй құсы және бір-бірден ит-мысық өлексесі жиналып, жойылды. Жұмыстар одан әрі жалғасады, - деді Ж.Сабыров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521