Жағдай бақылауда тұр

Күні бүгін Жылыой ауданындағы ахуал тұрақты. Өңірдегі елді мекендерді биыл көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында ұйымдастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ауданда тасқынға қарсы ұтымды басшылық жасау үшін алдын ала жоспарлы іс-шаралар кешені бекітіліп, қазір сол жоспарға сәйкес жұмыстар жүзеге асуда. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, өткен жылдың күз айларының өзінде Жем ауылдық округіндегі Жем өзенінің бойындағы осал тұстар топырақпен биіктетіліп нығайтылды. Осы мезгілде Құржем шлюзінің маңы, Құлсары қаласындағы Құрсай өзегінің бойындағы қауіп төндіруі мүмкін бөгеттерге де топырақ төгіліп, биіктетілген.

Бұл бағыттағы жұмыстар жыл басынан бері қыза түсті. Биылғы ақпан-наурыз айларында Құлсары қаласы «Мешіт» ауылы маңы, Қамыскөл жағалауы, «Атырау» ықшамауданы және Шоқпартоғай ауылының айналасын қоршай топырақ төгіліп, бөгеттер қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта қосымша Құлсары қаласындағы көл жағалауындағы бөгеттердің осал тұстарына нығайту жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы ақпан-наурыз айларында аудан әкімі мен оның орынбасарлары су тасқынынан қорғану мақсатында бақылау жұмыстарын тұрақты түрде қолға алып келеді. Күні бүгін Жем өзеніндегі ахуал аудан әкімдігінің қатаң бақылауында делінген баспасөз хабарламасында.
Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521