Жылыойда жасырын той жасағандар анықталды

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы, полиция полковнигі Әлібек Қайыровтың айтуынша, маусым айынан Атырау облысы Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысында белгіленген карантиндік тыйымдар мен шектеулерді орындамаған 2000-ға жуық дерек анықталды.

30 қазан-1 қараша күндері мобильді топ құрамында болған полиция қызметкерлері нысандарды тексеру барысында Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы 1 донерхана, 1 көлік жуу орталығы түнгі 22.00-ден кейін жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Сонымен қатар, Қарабалин көшесіндегі үйде 30-40 адамның қатысуымен өтіп жатқан той анықталды. Анықталған отбасылық шара мобильдік топпен таратылып, жинақталған материалдар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жылыой-ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521