ads_banner

Мектеп киімдері қымбат

Ала жаздай арқасы кеңіп демалған мектеп оқушыларының, қамсыз-мұңсыз бала не білсін, олардың ата-аналарының жаңа оқу жылына қамданатын шағы жетті. Бұл кезде әке-шеше біткен балам қатардан қалмасын деп ұл-қыздарына жаппай мектеп формасын, оқу құралдарын алып, сауда орындарында алыс-берістің қып-қызыл көрігін қыздыруда. Киім-кешектердің бағасын көріп бір, оған татымайтын сапаны көріп екі қапаланғанмен, амал нешік, жобаға соғады-ау дегенін қарпып алып қалып жатыр. Өйткені жыл сайын оқу жылы да, оған дайындық та өзгермегенмен, өзгеретін бір нәрсе бар, ол – баға. Әрі тұсауы жоқ асау баға бір ғана бағытқа шаншылып, вертикальді өсе бермек. Бір жақсысы, осы уақытқа дейін мектеп формасына қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің 26-бұйрығының нормалары қолданылып келеді. Яғни мектеп оқушыларына арналған форма зайырлы сипатқа ие. Оны құзырлы кеңестер кесіп-пішіп, ортақ шешеді. Ауданымыздың білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжансара Таңатаровадан білгеніміздей, ауданда мектеп формасына қатысты отбасылардың бюджетіне қомақты күш түсіретін талаптар жоқ, үсті ақ, асты қою көк киім үлгісін сақтаса болғаны. Ал Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019-2020 оқу жылдарында мектеп формасына қатысты өзгерістер болмайтынын айтып отыр.

Сөйтіп, өзіміз де аудандағы ортаық базар мен сауда орталықтарына бас сұғып, оқушылар киім-кешегінің бағасын білдік.

С.МҰРАТҚЫЗЫ

Толығырақ "Кең Жылой" газетінде

сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner