ads_banner

5 жасар қыздың жағдайы 10 күннен соң қалыпқа келді

Денесін везикулезді бөртпе жайлаған 5 жасар қыз шұғыл түрде облыстық №2 ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сәбидің анасының айтуынша, науқастың температурасы 3 күн көтеріліп, аяғында ісік пайда болған. Алғашқы көрсетілген ем-домның нәтижесіздігіне байланысты, сәби «жедел ревматикалық қызба» диагнозымен «балалар жүрек қантамыр жүйесі аурулар» бөлімшесіне жеткізілген.

- Өкпесіне ауа, су жиналуына байланысты балада ауырсыну, әлсіздік, дене қызуының 39 С-қа көтерілуі, аяқ-қолының ісінуі, везикулезды бөртпелер пайда болған. Сәби ауруханада 25 күнге жуық аралықта ем алды. Оның 10 күнін жан сақтау бөлімінде өткізді. Дегенмен, қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, - дейді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Раушан Мұқанова.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner