ads_banner

Емдік массаж

Бүгінде ауданымызда өз кәсібін ашамын деген адамға мүмкіндік мол. Тек ниет болса, болғаны. Жақында аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерболат Төлендиевпен бірге ауданымыздағы шағын емдік массаж кабинетін ашып отырған кәсіпкердің жұмысын көріп қайттық.

Майра Жолдығұлова қаладағы кәсіпкерлік нысандардың бірінен шағын бір бөлмені жалға алып, өз ісін бастапты. Алматы қаласынан арнайы мамандардан емдік массаж жасау курстарынан өтіп, тәжірибе жинап, сертификат алған.

- Бүгінде ауданымызда остеохондроз, сал, тағы да басқа аурулармен ауыратын адамдар саны көбейіп отыр. Осы сырқаттардан емдік массаж арқылы айығуға болады. Қазіргі кезде массаж кабинетінде жалғыз өзім жұмыс жасап отырғандықтан, күніне 7-8 адамды ғана қабылдауға мүмкіндігім бар. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тегін оқытатын семинарға қатысып отырмын. Ол жерде өз ісімді дамыту үшін білім алып жатырмын,- дейді Майра.

- Жақында қызым екінші рет комаға түсіп, аудандық ауруханадан емін алып шықты. Төсек тартып жатқан қызым Майраның емін алғаннан кейін қазір өзі жүре алатын жағдайға жетіп отыр,-дейді аудан тұрғыны Бағытжан Ізбасаров.

Сонымен қатар Майра ауданымыздағы сал аурына шалдыққан балаларды да емдеп, жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Қ.Дүйсенбетов

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner