Су тасқыны кезіндегі сақтық шаралары

Ауыз судың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы адам денсаулығына маңызды, судың санитарлық-эпидемиологиялық сапасының төмендеуі адам денсаулығына әсер етіп, түрлі жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін.
Қыс мезгілінде күннің күрт жылынуынан қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған кезде өзендердегі, көлдердегі су деңгейінің көтерілуі су тасқынына алып келуі мүмкін. Су тасқыны кезінде жиналған қоқыс, еріген қармен бірге жұқпалы аурулардың қоздырғыштары өзендер, көлдер, құдықтағы суларға түсіп, суды ластайтыны белгілі. Осыған байланысты су жолымен қандай жұқпалы және жұқпалы емес аурулар беріледі деген сұрақ көпшілікті мазалайтыны рас.

Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алуда санитариялық-эпидемиологиялық іс шаралар өте маңызды. Себебі, су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды турдыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін. Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, соның ішінде энтеровирустар, гепатит А, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, ротавирустық энтерит жиі кездеседі.

Осы орайда, су тасқыны және төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісім бойынша ауыз судың сапасына бақылаудың күшейтілген режимі орнатылады. Су тасқыны кезінде түрлі аурулардың алдын алу үшін тұрғындардың келесі қарапайым және тиімді ережелерді сақтауы қажет:

•​ішуге тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

•​жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, оның ішінде балаларға жеке бас гигиенасын сақтауын үйрету (тамақтану алдында, дәретханадан, ойыннан кейін, тамақ дайындау алдында қол жуу);

•​жеміс - жидектерді пайдаланар алдында қайнаған сумен өңдеу, ағынды сумен мұқият жуу;

-​Азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін сақтау.

-​Тамаққа термиялық өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін қолдану.

-​Тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау

• ​тұрғын үй-жайларды және үйдің жанындағы аумақты таза ұстау;

•​ ​толтырылуына қарай қазылған шұңқырларды тазалап тұру;

• ​ауыз су мақсатында пайдаланылатын ұңғымаларды тазарту, дезинфекциялау. Гигиеналық ережелерді сақтау Сізді көптеген аурулардан қорғайды!

Жылыой аудандық санитариялық- эпиедмиологиялық бақылау басқармасының санитариялық гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы Садыхова Лиза Сапаргалиевна.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521