Тұмау-сымау деп жеңіл-желпі қарамаңыз

Тұмаудың алдын алудың бірден-бір жолы–тұмауға қарсы екпе алу.

Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) - тыныс жолдарын, мұрын мен көмекей, жұтқыншақ және қолқаны, өкпенің эпителий жасушаларын зақымдайтын вирусты инфекция. Вирустардың көптеген түрлері бар. Олардың ішінде барлығымызға белгілісі –тұмау вирусы. ЖРВИ ауруының қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен тыныс алу ағзалары арқылы енеді. Тұмау кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді. Қоздырғыштары жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады. Сырқат әдетте күтпеген жерден басталады. Аурудың басты белгілері: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан бөлек бас ауыру, қатты әлсіздік, бұлшық еттің сырқырауы, дене қызуының жоғарылауы, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін.

Сақтану шаралары:

• Науқас адамдармен байланыс жасаған кезде бетперде кию;

• Инфекцияның таралуының алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;

• Бір реттік қолорамалын қолдана отыра, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;

• Бөлмені жиі желдету;

• Салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай тағамдар), ол ағзаның кез келген инфекциямен күресуіне көмектеседі.

Тұмаудың алдын алудың бірден-бір жолы–тұмауға қарсы екпе алу. Вакцина егуді күзде бастаған тиімді. Себебі тұмау індеті қараша мен наурыз айлары аралығында үдей түседі. Екпе адам ағзасына 8 немесе 12 күн ішінде әсер етеді. Сонымен қатар тұмауға қарсы егу ақылы түрде ауданымыздың барлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинация алғандар ауырмайды немесе екпе жүргізілгеннен кейін тұмаумен ауырғанымен, ауру жеңіл түрде өтеді. Сондықтан аурудың алдын алатын барлық шараны дер кезінде қолдану тұмаудың тарауына кедергі бола алады.

Д.Таңқыбаева,

эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521