Мейірімді жандарға - ізет

 Мейірімді жандарға - ізет
Фото: П.Қизатова

Бұл еңбеккерлер көбімізге қарағанда жылы төсегінен тым ерте, таң атпастан тұрады. Ұйықтап жатқан балаларының, немерелерінің бетінен сүйіп, таң қараңғылығында жұмысты бетке алады. Олар, әсіресе, қалың қар жауған күні, біз әлі де шырт ұйқыда жатқан сәтте, жүздерін аяз қарып, қар күреп, айналаны аршып жүреді.

Иә, олар баршамыздың саябақтарда таза ауа жұтып, таза жерді басып, таза тротуармен жүріп, автобусқа таза аялдамадан отырып, күніміздің жақсы басталуы үшін де еңбек етеді. Қолдарынан күрек, сыпыртқы түспейді. Мұндай жұмыстарға қарулы қолдар және төзімді һәм сабырлы адамдар ғана шыдайды. Ал араларында әйел-аналар да аз емес. Олар – нағыз еңбек адамдары. Сол жандарға ауданымыздың ерікті жастары құрмет көрсетті. Яғни, аязды күні жол жиектерін қардан тазартып жүрген коммуналдық мекеме қызметкерлеріне Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған “BizJastar” ерікті жастар ұйымының мүшелері мен “Жылыой Жүрек Жылуы” қайырымдылық қорының еріктілері ыссы шәй мен бәліштер таратты. Әрине, оған тазалық қызметкерлері де қуанып қалды. Еңбектері өлшеусіз осындай жандарға мейірімділік танытқан ерікті жандардың істеріне біз де риза болдық.

П.Қизатова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521