ШЕКАРАДАН ШЫҒАРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті «Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы 19 қантардағы № 9 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген балықты шығаруға 6 ай мерзімге тый- ым салу енгізілгенін хабарлайды.

Олар: өзге де балғын немесе салқындатылған балықты (көксерке) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодынан (ЕАЭО СЭҚ ТН) 0302891070 кодынан), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, балғын немесе салқындатылған жайын балықты (ЕАЭО СЭҚ ТН 0302720000 кодынан), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, мұздатылған жайыны (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303240000 кодынан), өзге де тұщы су балықтары, мұздатылған көксерке (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303891070 кодынан).

Сонымен қатар, уәкілетті орган өкілдері кедендік рәсімдерді ресімдеу кезінде әртүрлі түсініспеушілікті болдырмау мақсатында СЭҚ ТН кодынан 0302891070, 0303891070, көксеркеден жасалған мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі) сондай-ақ СЭҚ ТН 0302720000, 0303240000 коды- нан жайын мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі) бөлінген шектеу шаралары қолданылмайды. Өйткені, мұздатылған балық өнімдерінің аталған бөлінген түрлері қайта өңдеу өнімдері болып табылады. (түсіндірме қоса беріледі).

«Балықтарды кесу түрлері, су омыртқасыздары, су сүт қоректілері мен балдырлар»

Арнайы кесілген балық ұшасы - бұл балық ұшасы қанаттары, иық сүйектері, қабыршақтары және қара қабықшалары, жойылды.

2. Балық кесіндісі – басы жоқ, іші бар балық құйрық қанаты, немесе балық ұшасы, түзу сызықтармен көлденең кесектерге кесілген кесу.

3. Балық қабаты – омыртқа сүйегінің бойымен арқа бойымен кесілген балық үстіңгі еріннен ішкі жақтары алынып тасталған құйрық қанатына дейін оның ішінде уылдырық немесе сүт.

4. Бассыз балық қабаты – бассыз балық, кесілген омыртқа сүйегінің бойымен құйрық қанатына дейін, одан кеуде қанаттары, ішектер, оның ішінде уылдырық пен сүт; иық сүйектерді алып тастауға немесе балық қабатында қалдыруға болады.

5. Теша балығы – балықтың құрсақ бөлігі, одан кесіндісі арқылы бөлінген басын анальды финге дейін

6. Балықтың арқасы – басы мен құрсақ бөлігі алынып тасталған балық II ішек, оның ішінде уылдырық немесе сүт: бас қалдыруға болады.

М.МАМБЕТОВА,

салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521