Берешегі бар адам нені білуі керек?

Берешегі бар адам нені білуі керек?
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Салыққа берешек пайда болса, онда жеке азаматқа тиісті түрде хабарлама жолданады және оның орындалуы үшін отыз жұмыс күн уақыт беріледі. Сол мерзім ішінде қарыз өтелмесе, ал бережақ сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (2024 жылы 3962 теңге) жоғары болса, онда борышкерге салық бұйрығы жіберіледі.

Егер табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмесе, онда салық бұйрығы әрмен қарай, сот орындаушыларына жіберіледі. Сондықтан Салық заңнамасына сәйкес бұйрықты сот орындаушыға жібермей тұрып, берешекті өз еркімен өтеу мүмкіндігін пайдаланып қалған абзал.

Жеке сот орындаушылары Қазақстан Республикасының "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" заңына сәйкес, салыққа бережақ азаматтың банк шоттары мен мүлкіне тыйым салып, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар. Егер берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткішке тең немесе одан асатын болса, Қазақстан Республикасынан шығуға да тыйым салынуы мүмкін.

Жеке сот орындаушы бұдан басқа қосымша ақы да ұстайды. Ол жеке адамның салыққа берешек сомасының 25%-на дейінгі мөлшерінде қызмет көрсету ақысын өндіріп алады. Сондықтан қосымша шығындарды болдырмау үшін Комитет салықтарды уақытында төлеуге кеңес береді.

Салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу арқылы тексеруге болады. E-Salyq Azamat мобильді қосымшасын мына сілтемелер арқылы орнатуға болады: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.kgd.android немесе https://apps.apple.com/kz/app/e-salyq-azamat/id1107556666.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521