ads_banner

Білезік

Көркемдік шешімінің, құрылымының күрделігімен ерекшеленеді. Дайындау стилі мен технологиясы бойынша түрікмен және қазақ әшекейлерінің ерекше симбиозы болып табылады. Бейнелік үлгісі тұтас екі білезік ретінде орындалған, білезіктің бетіне ақық тастар үйлесімді орнатылған. Білезіктер күмістің жұқа табақтарын дәнекерлеу арқылы жасалған. Білезік ішіндегі қуыстың беріктігі үшін қабырғалар арасындағы қуыс қандай да бір толтырғышпен толтырылған болуы керек.

Тұйықталмаған шеттері жебелердің ұштары немесе айшықталған жылан бастары түріндегі шығыңқылармен сәнделген. Білезіктің бетіне бедерлі өрнектер және жылан тәрізді сымнан жасалған ою-өрнек бар. Сонымен қатар жұмыр немесе жалпақ күмістен шығыңқы бедерлі өрнектер жасалып, төрт қызыл түсті ақық асыл тас көздері орнатылған. Білезіктің бүйір қырлары тегіс.

Суретте: Құлсары қаласының тұрғыны Түгелбаева Сұлудың қос білезігі.

Аудандық өлкетану мұражайы

 

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner