ҚАРА ӨЛЕҢДІ ЖАНЫНА КИЕ ТҰТҚАН

Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзия әлеміне шексіз кеңістік пен көз жетпес биіктік әкелген ақын. Кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ғажайып талант иесі. Ақынның бойында қайраткерге тән қасиеттің болғанын өлеңдерінен де анық байқаймыз. Сондықтан жырларын жатқа оқу – өскелең ұрпақтың бойына ерекше бір күш-жігер берері анық.

Осыған орай №8 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан оқушылар арасында мектепішілік оқулар болып өтті. Оған оқу ордасының 5-9 сынып оқушылары қатысты.

Ақынның өлеңдерін жатқа оқудағы мақсат – қара өлеңді жанына кие тұтқан ақиық ақынның шығармаларын жастарға, оқушыларға насихаттау, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Мәнерлеп оқуда 5 сынып оқушылары Айым Рауанқызы, Әли Бүркіт және 7 сынып оқушысы Нұр Рауанқызы ерекше көзге түсті. Өзге оқушылар да бұл оқуға белсене қатысты.

Мұзбалақ ақынның жырлары оқушылар жанына жылылық, жүрегіне шуақ сыйлады.

Ә.ЖҰМАҒАЗИЕВА,

кітапханашы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521