var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Мұнайдың құны төл теңгемізге әсер етті

Өткен аптаның аяғында қазақстандық қор биржасындағы доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы 359,42 теңгені құрады. Бұл - төл теңгеміздің құны 1,07 теңгеге қымбаттады деген сөз. Тамыздың 20-сы күнгі бағам бойынша таңертеңгі және күндізгі сессияның қорытындысымен теңгенің орташа курсы 360,71 теңге, ал 25 тамызда 359,64 теңгеге түсті.

Бұл әлемдегі мұнай бағасының қымбаттауына байланысты болды. Оған жаһандық жанар жағармай тасымалының қысқартылуынан туындайтын қауіпке және Иранға қарсы санкцияның күшеюі өз себебін тигізді. Соның нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың баррелі 75,63 долларды құрады. Ал өткен дүйсенбі күні аталған қара алтын құны 76,02 долларға жетті. Мұнай бағасының күннен-күнге өсуі төл теңгемізге белгілі бір деңгейде әсер етері сөзсіз.

Е.Қошақанов,

сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner