Жұмысшының 95 пайызы – қазақстандық

2023 жылдың қыркүйегінде «Теңізшевройл» ЖШС Үшінші буын зауытындағы механикалық және құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңін аяқтап, Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасындағы маңызды межеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта жоба аясында сынақ және қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ККЖ-ҰЕҚБЖ басталғалы бері ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 18 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Бұл жөнінде «Теңізшевройл» компаниясының өткен жылдың қорытындысы бойынша атқарған қызметінің нәтижесін жариялаған ТШО-ның баспасөз қызметі хабарлады.

– Бүгін «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылғы өндірістік қызметінің нәтижесін жариялады: шикі мұнай өндіру 28,9 миллион метрикалық тоннаны (230,6 миллион баррель) құрап, атмосфераға шығарылған зиянды қалдықтар көрсеткіші 2000 жылмен салыстырғанда ең төмен деңгейге түсті. Өткен жылы ТШО өндірген барлық құрғақ газды сату Қазақстанның ішкі нарығында жүзеге асырылды. Сондай-ақ компания жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіптің қажеттілігі үшін сұйытылған көмірсутекті газының сенімді жеткізушісі болып қала береді,-делінген онда.

Былтырғы 12 айда ТШО Қазақстанға 13,9 миллиард АҚШ долларын құрайтын тікелей қаржылық төлемдерді аударып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі екінші жыл қатарынан компанияны еліміздегі жетекші салық төлеуші деп таныды. Осы кезеңде компанияның қазақстандық қамтуға жұмсаған шығындар көрсеткіші 70 пайызға жетсе, ал негізгі өндірістегі жұмысшы-қызметкердің 95 пайызға жуығын қазақстандықтар құраған. Бұл көрсеткіш ТШО-ның алғаш құрылған 1993 жылы 50 пайыз ғана болатын-ды.

-Тәуелсіз зерттеу нәтижесіне сәйкес, соңғы онжылдықта ТШО-ның өндірістік қызметі жыл сайын Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің шамамен 11 пайызын қамтамасыз етті. Компания Қазақстанның экономикалық өрлеуі мен энергетикалық қауіпсіздігін ынталандыруда жетекші рөл атқара бермек, - деп атап өтті «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Кевин Лайон.

1993 жылдан бері ТШО Қазақстанға 190 миллиард доллардан астам тікелей қаржылық төлемдер жасады. Соның ішіне мемлекеттік бюджетке төленген салықтар мен роялти, мемлекеттік кәсіпорындарға төлемдер, қазақстандық серіктестердің дивиденттері, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу және жергілікті қызметкерлердің жалақысы кіреді.

-Өткен жылы біз осы күнге дейінгі ең күрделі жөндеу жұмысын мерзімінен бұрын сәтті аяқтадық. Жергілікті қазақстандық жеткізушілер компаниямыздың тарихында алғаш рет салмағы шамамен 100 тонна, биіктігі 37 метр болатын колоннаны сәтті жасап шығарды. Сонымен бірге, күкіртсіздендірілген газды кептіруге арналған үш молекулалық елеуішті ауыстырды. Бұл қазақстандық компаниялар әлеуетінің тамаша көрсеткіші, - деді «Теңізшевройл» компаниясы бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.

Өткен жылы ТШО «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында аймақта жалпы сиымдылығы 600 орыннан асатын екі мектепті, біздің ауданнан толық жабдықталған 75 төсектік аурухана құрылысын қаржыландырып, пайдалануға берді. Осы бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, экономикалық даму, білім беру, қазақ тілі мен мәдениетін қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асырып, облыстағы 11 000-нан астам бенефициарға оң әсер етті.

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521