Атырауда пойыз билеттері арзандады

Қазақстанның алты облысының тұрғындары үшін теміржолмен жүру арзандады. Әсіресе Жетісу облысында айтарлықтай арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Energyprom.kz мәліметінше, 2023 жылдың қазан айында Қазақстанның алты облысында пойыз билеттерінің бағасы 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда арзандады. Пойызбен саяхаттау Жетісу өңірінің тұрғындары үшін ең қолжетімді болды (-10,4%). Билеттер арзандаған аймақтар тізімінде мыналар да бар:

Шығыс Қазақстан облысы (-6,7%);

Атырау облысы (-5,7%);

Шымкент (-5,1%);

Алматы облысы (-2,4%);

Қызылорда облысы (-1%).

Бұл ретте ел бойынша теміржол жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 7,9%-ға өсті. Бірнеше өңірде пойыз билеттері айтарлықтай қымбаттады, соның ішінде Маңғыстау облысында (+35,5%), Алматыда (+22%) және Солтүстік Қазақстан облысында (+20,2%).

2023 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстан бойынша теміржол көлігімен 16,6 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артық. Астана тұрғындары көбінесе пойызбен жүреді (4,6 млн адам, жылына +17,3%).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521