ads_banner

Болашаққа жасалған инвестиция

Ұлан-байтақ жері бар еліміз үшін халық санының артқаны, демографиямыздың дамығаны қажет. Қазақы менталитетімізге әр отбасында төрт-бес баланың болғаны да көңілге қонымды. Алайда көпшілік көпбалалы отбасылар әлеуметтік қолдауға зәру.

Күнкөріс деңгейінің төмендігі, үйге кіретін кірістің мардымсыз болуы, қымбатшылық – бәрі шиеттей баласы бар шаңырақтың тұрмысына үлкен соққы береді. Осы жайтты ескерген үкімет жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек механизмдеріне түзетулер енгізіп, көптің көңіліне қонымды жобаларды іске асырмақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны табысына қарамай төлеуді ұсынды. Яғни мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі төрт бала және одан көпбалалы отбасыларға 42 500 теңгеден 73 370 теңгеге дейін мөлшерде тағайындалмақ.

Жаңа жылдан бастап жаппай қолданысқа енетін жаңа жәрдемақы жүйесі көп отбасылардың күнкөріс деңгейін ілгерілетуге ықпалын тигізеді деп күтілуде. Бұған көпбалалы аналар дән риза. Өйткені әр бала үшін алған теңге отбасының бюджетіне үлес қосып, балалардың дені сау, тамағы тоқ, киімі көк боп өсуі үшін жұмыс жасамақ.

Қ.Жүсіпбаева,

көпбалалы ана

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner