Көпбалалы анаға жәрдемақы – үлкен көмек

Үкімет арқылы берілетін жәрдемақыны ана ретінде қолдаймын

7 қазан күні 2020 жылдан бастап көпбалалы және аз қамтылған, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру мәселесі талқыланып, ұсынылды. Отбасының ортақ табысына қарамастан, АСП  (атаулы әлеуметтік көмектен бөлек) әр балаға 10 625 теңге төленеді. 4 баласы бар отбасыға 42 500 теңге көлемінде, 5 баласы бар отбасыға 53 125 теңге беріледі. Ал 7 баласы бар отбасыға 73 370 теңге көлемінде көмек беріледі.

Мемлекеттік жәрдемақы туралы заң жобасына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа министрі Біржан Нұрымбетов қол қойып, Парламент талқысына жіберді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң жобасы күшіне енеді. Үкімет арқылы берілетін жәрдемақыны ана ретінде қолдаймын. Бұл әр баланың қажеттілігіне жұмсалатын қаражат деп есептеймін.

Жанаргүл Мұстафиева,

көпбалалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521