ads_banner

Халықтың жанайқайына құлақ түрген Жолдау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан мен мына нәрселерді аңғардым. Бұл Жолдау - алдын ала халықтың дәл қазіргі уақыттағы ең көкейтесті проблемаларын, талап-тілегі мен жанайқайын жан-жақты зерттеп барып мұқият жазылған Жолдау.

Ол үшін халықпен қазіргі ең бірінші орында тұрған қатынас құралы - ғаламтордағы әлеуметтік желі де ұтымды пайдаланылды деп ойлаймын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бұдан бұрында барлық мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі арқылы үнемі «халықпен тілдесуге» тапсырма бергені бекер емес. Осы Жолдауында да «...азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» дей келіп, «Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді» деп айтты.

Жолдаудағы осы айтылғандарды оқып, риза болдым. Құрылғанына көп болмаған Қоғамдық кеңес құрамы халықтың ортасынан олардың мұң-мұқтажын өте жақсы білетін жандардан таңдап алынғанын білеміз. Сондықтан «Көп жағдайда азаматтарымыз орталық және жергілікті органдар басшыларының құлықсыздығы мен «бейқамдығына» байланысты Президентке жүгінуге мәжбүр болады» деп Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда өзі айтқандай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзе асатынына сенемін . Бір сөзбен айтқанда, бұл Жолдау – халықтың жанайқайына құлақ түрген Жолдау.

Бисенбай Құлбаев,

мұнайшы

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner