ads_banner

АҚШ-тан жүлделі оралған парадзюдошылар

2-5 шілде аралығында өткен бұл жарысты Халықаралық зағиптар федерациясы ұйымдастырған болатын.

- Жарысқа барлығы 50-ге жуық ел, 200 спортшы қатысты. Сынға түскен спортшылардың 4-еуі қазақстандық, олардың екеуі Қызылорда облысынан, екеуі Атыраудан. Атап айтсақ, 73кг салмақта белдескен Дәулет Теміржан күміс медальді иеленсе, 60 кг салмақта Ануар Сариев қоланы еншіледі. Биыл қыркүйек айында Атырау қаласында Азия Чемпионаты өтеді, қыркүйек айының аяғында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Гран-при жарысы, келесі жылы Ұлыбританияда және Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында Гран-при жарыстары өтеді. Паралимпиадаға ұпай жинақтайтын маңызды төрт жарыс қалды. Сол жарысқа Атырау облысынан Ануар Сариев пен Дәулет Теміржан үміткер,-дейді парадзюдодан Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Наран Ешібаев.

p

Айта кету керек жеңімпаздарды жарысқа дайындап, жігерлендіріп жүрген Парадзюдодан Қазақстан Республикасы құрамасының бас жаттықтырушысы Жандос Қиянов, аға жаттықтырушысы Наран Ешібаевтар ауданымызда туып-өскен. Жылыойдың төл перзенттері.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner