Атыраулық жас спортшы жүзуден рекорд орнатты

Атыраулық 11 жастағы жас спортшы Жансейіт Жанбосын 50 метрге butterfly стилінде жүзуден жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көкшетауда өткен «Бурабай інжу-маржаны» республикалық турнирінде атыраулық жүзуші Жансейіт Жанбосын чемпион атанып, 50 метрге butterfly стилімен 31 секунд 72 миллисекундта жүзіп өтіп, республикалық турнирдің соңғы алты жылдан бері өзгеріссіз тұрған рекордын жаңартты.

Атырау облысының жүзуден құрама командасының бас бапкері Иван Галкиннің айтуынша, Көкшетауда өткен республикалық турнирге 2013 жылғы және одан кіші жастағы 300-ге жуық спортшылардан құралған 30-дан астам команда қатысқан.

-Турнир жоғары деңгейде өтті. Жарыс нәтижелері бойынша спортшылардың жоғары дайындық деңгейін сезінуге болады. Атырау облысынан турнирге 20 спортшы қатысты. Олардың ішінде Жансейіт Жанбосын butterfly стилі бойынша 50 метрлік рекордты жаңартып қана қоймай, 50, 100, 200 метр қашықтықты кроль әдісімен жүзіп, турнирдің «Үздік спортшысы» атанды. Сонымен қатар, Аяна Сали 100 метрге butterfly стилімен 1 минут 29 секунд 94 миллисекундта жүзіп, жарыстың жүлдегері атанды. Бұл нәтижелер атыраулық жас жүзушілердің мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетеді,- деді И.Галкин.

Айта кетейік, Жансейіт Жанбосын Атырау қаласындағы №17 мектебінің 5-сыныбында оқиды. Жас спортшы алты жыл бойы кәсіби жүзумен айналысып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521