Шерхан және ұлттық ойын

TikTok әлеуметтік желісінде қазақтың ұлттық ойыны ләңгі тебуден республикалық турнирде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанған қызылқоғалық Шерхан Еңсегенұлының сынға түсіп жатқан кездегі бейнежазбасы тараған болатын. Сұрастырып білсек, Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған бұл жарыс республика бойынша тұңғыш рет өтіпті. Сол турнирде қарсыластарын шаң қаптырып, жеңімпаз атанған ләңгіші өзінің осынша танымалдыққа ие боларын білмепті. Шерхан өзіне берілген небары бес минутта 561 ұпай жинап аудан мерейін ғана емес, облыстың абыройын асқақтатып қайтты. Осылайша бұл ойынның аудан көлемінде жақсы дамып келе жатқанын көрсетті. қатысуға мүмкіндік алдық. Жарысты ұйымдастырып жатқан асаба жігіт жарыстың бейнежазбасын желіге таратқан ғой, – дейді Шерхан Еңсегенұлы. Спортшыларды турнирге дайындап апарған жаттықтырушысына шексіз риза ол өзінің алты ағайынды, шаңырақтың кенжесі екенін де жасырған жоқ. Зейнет жасындағы ата-анасымен бірге аудан орталығынан 13 шақырым жердегі Жангелдин ауылында тұрады. Жұмысқа қатынап істейтін ол ләңгі ойынын жалғастырып, қосымша алып жүруді мақсат етіп отыр. Спортшы облыс көлеміндегі өзі қатысқан жарыстардан жүлдесіз қайтпайды екен. Осыдан екі жыл бұрын «Ләңгі ойыны» облыстық федерациясының ашылу құрметіне арналған жарыста, облыстық түрлі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Ал елімізде алғаш құрылған Атырау облыстық федерациясының атқарушы директоры Тыныс Бисалиев мүмкіндігінше ұлттық ойын түрін дамытып, жұмыс істеуге талаптанып жатыр екен. Бірақ түйіні шешілмей тұрған мәселелер де жоқ емес. – Федерация ретінде тіркеліп, оның ережесін бекіту үшін министрлік тарапынан қолдау керек. Әзірге ұйым қоғамдық бірлестік ретінде жергілікті әділет департаментіне тіркелді, Жарғысы да бар. Болашақта республикалық федерация құру да ойда бар. Оған барлық облыс қосылуы керек. Жалпы ләңгі ойыны Қазақстанға өткен ғасырдың алпысыншы жылдары келген екен. Содан бері әлемнің бірнеше еліне тараған, қазақ халқының ұлттық ойыны екені анық. 2022 жылы тұңғыш рет облыстық «Ләңгі ойыны» федерациясын құрып, содан бері үш жарыс өткіздік. Федерацияның 10 мүшесінің міндеті – ләңгі ойынын дамыту. Қызылқоға ауданы бойынша жеке жаттықтырушысы – Қуан Ағашин, басқа аудандардан да қарастырып жатырмыз. 2022 жылдың 16 желтоқсанында алғаш рет ашық турнир ұйымдастырылды. Биыл қыркүйекте Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді, соған баруға дайындалып жатырмыз. Биыл федерация тарапынан екі турнир өткізуді жоспарға енгіздік, – дейді Т.Бисалиев. Өзі де 40 жылға жуық уақыттан бері ләңгі теуіп келе жатыр екен. Джиу-джитсу мен грепплинг күресінен де әлем және Азия чемпионы секілді жоғары жетістігі бар кәсіби спортшы. Енді ләңгі ойынын қазақтың ұлттық ойыны ретінде патенттеуді мақсат тұтып отыр. – Талап бойынша ләңгі ойынына қатысушыларды 9 жастан бастап аламыз. Ойынды ереже бойынша 2 минут уақытта 5х5 көлемді шеңбердің ішінде ойнайды. Егер шеңберден шығып кетсе немесе ләңгі жерге түсіп кетсе, ойын тоқтатылады. Ойында аяқтың ішкі бөлігімен тебу «бірлік» деп аталады, ұпай саны сол арқылы есептеледі. Ойнаған кезде ләңгі бастың деңгейінде көтерілу керек, белге дейін тепсе саналмайды. Ал аяқтың сыртқы бөлігімен тебуді «бестік» дейді. Одан басқа «ондық», «жиырмалық», «жиырма бестік» деген ұпайларды нағыз шеберлер ғана үйлестіре алады. Ереже бойынша ләңгіші ұлттық киім киіп, аяққа мәсі-галош, басына тақия немесе оюы бар бас киім киеді, – дейді Федерацияның атқарушы директоры. Алмас ҚАБДОЛОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521