ads_banner

Теңбіл доп ойыны қызған шақ

№4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде балалардың өзара достығын нығайтуға және спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында топаралық кіші аяқдоптан жарыс ұйымдастырылды. Бұл туралы осы спорт мектебі директорының орынбасары Гүлфара Исахаева хабарлады. Сонымен, айтулы кіші аяқдопқа осы мектепте әр спорт түрлері: баскетбол, волейбол, футбол, бокс, жекпе-жек күрес бойынша шұғылданып жатқан оқушылардан құралған 6 топ қатысты. Ұлдар мен қыздар командасы бойынша 1-орынды футбол тобы жеңіп алса, 2-орынды бокс тобы иеленді. 3-орын баскетбол тобына бұйырды. Осы ойында үздік ойыншы Мұстафа Лұқпан, үздік қақпашы Арыстан Махамбеттер болса, ал Аружан Ардаққызы үздік шабуылшы атанды. Теңбіл доп сайысын қызу да қызықты өткізуге жаттықтырушылар Арай Жұмаева, Сайран Исахаев, Жақсылық Ержанов, Тоқтар Амандәулетов, Бекболат Сүлейменовтер үлкен үлес қосты.

№4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, сондай-ақ, өткен мерекелердің бірінде тағы бір ауқымды жарыс өтті. Кіші аяқдопқа қатысушы осы спорт мектебінің жаттықтырушылары, «Сарықамыс» командасы, кент жастары және Денешынықтыру және сауықтыру кешені спортшыларына кент әкімі Сансызбай Кеңесұлы мен аталған спорт мектебінің басшысы Жұмабай Күзенұлы сәттілік тіледі. Тартысты ойында шеберлік көрсеткен «Сарықамыс» командасы 1-орынды, спорт мектебі жаттықтырушылары 2-орынды, Денешынықтыру және сауықтыру кешені спортшылары 3-орынды иеленді. Жеңімпаздарды кент әкімінің орынбасары Шаштыбике Жалғасбаева құттықтады. Жүлдегер командалар кубок, медаль, диплом және сыйлықтармен марапатталды. Бұл жарысты өте жоғары деңгейде өткізген және жүлделі 2-орын иеленген жаттықтырушылар Жақсылық Ержанов, Арай Жұмаева, Сайран Исахаев, Ақылжан Тілеуқұлов, Тоқтар Амандәулетов, Аблан Орынғалилар болды.

Салтанат ӘЛИ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner