1 500 000 теңгесін кері қайтарды

1 500 000 теңгесін кері қайтарды
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Атырау қаласының тұрғыны, қаладағы құрылыс дүкенінің бірінен құрылыс материалдарын сатып алады. Бірақ алған тауардың кейбірін қайтаруға шешім қабылдайды да, оны кері тапсырып, төлеп қойған ақшасын беруін сұрайды. Бірақ сатушы, тиісті сападағы тауары үшін өтелген қаражатты тұтынушыға қайтаруға асықпайды.

Арада біраз уақыт өтеді. Амалы таусылған тұтынушы Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың қорғау департаментіне шағымданды. Өз кезегінде сала мамандары, сатушыға ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының тиісті талабында көрсетілген тұтынушының құқықтары мен сатушының міндеттері жайлы түсіндіреді. Нақтырақ айтқанда, заңның 7-бабы 7-тармақшасына сәйкес, тұтынушылардың тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге құқығы бар екендігі айтылды. Заңның 30-бабы 1-тармағына сәйкес, мыналарды:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;

2) іш киімді;

3) шұлық-ұйық бұйымдарын;

4) жануарлар мен өсімдіктерді;

5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы;

6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеті, пломбалары, зат таңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы айырбастап беруге немесе қайтаруға міндетті.

Осындай түсінік жұмысының нәтижесінде, сатушы тиісті сападағы тауардың 1 500 000 теңге ақшасын тұтынушыға кері қайтарып берді.

Сондықтан қайда да өз құқығыңызды біле жүріңіз. Кеңес алғыңыз келсе, Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге немесе «Е-Otinish» платформасы арқылы өтініш жолдауға болады.

Біздің мекен жайымыз: Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 79 («Көрме орталығы» ғимараты, 2-қатар). Телефоны: 8 (7122) 52-03-91, 52-07-83.

Атырау облысы бойынша сауда және

тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521