ads_banner

Темір-терсек ұрлайтын және тілазар жасөспірім

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Қаһарман Бағыновтың төрағалық етуімен аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Оған комиссия мүшелерінен басқа күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты мектеп басшылары мен мұғалімдер, ата-аналар, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Өздерінен ересек бозбаланың айтқанына еріп, ауылдасының ауласының сыртында жатқан темір-терсекті ұрлап, қылмыстық жауапкершілікке тартылған бір үйдің екі баласының, көпбалалы жалғызбасты ананың еш себепсіз үйден кетіп қалатын жасөспірім қызының мәселесі мен ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілік комиссияның қызу талқысына түсті. Онда ата-аналар мен мектеп ұстаздарының пікірі, кәмелетке толмаған балалардың сөзі тыңдалып, нақты шешім қабылданды.

Күн тәртібінде, сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясының қорытындысы мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Таңатарова, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Р.Мырзабековтер хабарлама жасады.

Е.Қошақанов

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner